Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Түйе сүтін көбейтудің жаңа тәсілі табылды

Түйе сүтін көбейтетін жем. Ғалымдар жусаннан шұбат өнімділігін арттыратын жаңа жемнің түрін шығарды. Биологиялық қоспаның еш зияны жоқ, оны түгел зерттеп, зерделеп, тиімділігін дәлелдеген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Ойсылқара төлінің сүті көбейіп қана қоймай, өнімнің сапасы да жақсарып, майлылығы мен ақуыз мөлшерінің үлесі де өседі екен. Жоба авторларының айтуынша, бұл ғылыми жоба әсіресе шөлді аймақтардағы мал ұстайтындарға жақсы.

← Барлық жаңалықтар