Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Сенат шахматтан жарыс өткізді

Саяси сахнада соңғы күндерін өткізіп, тарих қойнауына еніп бара жатқан Жоғарғы палата шахмат сүйер қауымның басын қосты. «Senat cup-2026» турниріне еліміздің түкпір-түкпірінен зияткер азаматтар жиналды. Додаға жолдама алғандар қаражаяу емес. Барлығы аймақтағы іріктеу бәсекелерінен сүрінбей өткен. Елордадағы финалдық сайысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов ашып берді. Бұл жарыс әп-сәтте еліміздегі ауқымды спорттық жобалардың біріне айналды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жарыс биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл турнирдің ауқымы кеңейіп, жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға толық негіз бар. Бүкіл елімізде өткізілген іріктеу кезеңдерінде 8 мыңнан астам қатысушы бақ сынады. 2024 жылы біз осы үлкен бастаманы алғаш рет өткізген кезде сайысқа 2 мыңнан астам адам қатысқанын білесіздер.

Сайысқа бір мезетте осынша адам қатысуы тегін емес. Соңғы уақытта бұл ойынға қызығатын отандастарымыздың қатары артқан. Бүгінде еліміз бойынша 1500 мектеп шахматтық оқыту жүйесін бағдарламаға енгізді. Республикада 60 мыңға жуық бала зияткерлік ойынның қыр-сырын тұрақты үйреніп келеді. Ал өткен жылы қазақстандық өрендер түрлі додалардан 162 жүлде жеңіп алған екен.

← Барлық жаңалықтар