Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Грузия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Тәуелсіздік сарайында қарсы алды.

Елордаға Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе ресми сапармен келді. Құрметті қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында қарсы алды. Қос тарап бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, кейін құрмет қарауылы сап түзеп, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. Ресми қарсы алу рәсімінен соң шағын құрамдағы келіссөздер жүргізілді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Грузияны стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі дәстүрлі серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Келіссөздер барысында екі ел бірнеше құжатқа және бірлескен мәлімдемеге қол қояды деп көзделген.

← Барлық жаңалықтар