Италиядан ақжолтай хабар.
15 жастағы жерлесіміз Сауат Нұрғалиев Монтесильвано қаласында өткен шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлделі үштікке ілікті.
Ақыл-ой додасына әлемнің 85 елінен 742 шахматшы қатысқан. Сауаттың санатында 152 спортшы бақ сынады. Алайда тақта үстіндегі тартыста отандасымыздың асығы алшысынан түсті.
Ал Қазақстанның ең мықты жас спортшыларының бірі Марк Смирнов бесінші орын алса, Диас Қуандықұлы 11-орынға тұрақтады.
Қыздар арасында Елназ Қалиахмет жарысты алғашқы төрттікте түйіндеді.
Жақсылық Жасұланұлы