Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Балалар арасында ішек инфекциясы жиілеп кетті

Елімізде ішек инфекциясына шалдыққандардың 70 пайыздан астамы балалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы айтты. Сархат Бейсенованың мәліметінше, бұл жаз мезгілінде жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Көбіне 14 жасқа дейінгі балалар көптеп ауыратын көрінеді. Аптап ыстықта вирус тез тарайды екен.

САРХАТ БЕЙСЕНОВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жыл басынан бері елімізде ішек инфекциясының 7,5 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға төмен. Науқастардың 71 пайыздан астамы — 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде 18 пайызы — бір жасқа толмаған сәбилер. Бұл балаларды күту кезінде және тағам әзірлеу барысында санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтаудың маңызды екенін көрсетеді.

Сондай-ақ елімізде санитариялық талаптарға сай келмейтін 94 келіден астам азық-түлік өнімдері тәркіленген. Бұдан бөлек 6 қоғамдық тамақтану орнының жұмысы тоқтатылыпты. Жарты жылдың өзінде 600-ден астам мекемеде тексеру жүргізілген. Осы аралықта тазалықты ұстанбаған нысандарға 50 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салыныпты. Сондай-ақ мамандар күннің ыстығында тағамнан улану фактілері де жиі кездесетінін айтты. Әсіресе теңіз өнімдерін тұтынарда аса сақ болған жөн. Себебі балықтан әзірленетін тамақтар тез бұзылуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар