Бибісара Асаубаева мансабында алғаш рет әлемнің ең үздік бес шахматшысының қатарына енді.
Халықаралық шахмат федерациясының шілде айындағы жаңартылған рейтингіне сәйкес, отандасымыз 2538 ұпай жинап, бұрынғы көрсеткішінен екі сатыға жоғарылады.
Қазіргі таңда әлемдік көшбасшылардың алғашқы төрттігінде Қытай спортшылары тұр.
22 жастағы Бибісара Асаубаеваның бұл жетістігі маусым айындағы айтулы жеңісінің заңды жалғасы.
Ол беделді «Norway Chess Women 2026» турнирінде бас жүлдені иеленіп, ФИДЕ-нің 2026-2027 жылдардағы әйелдер тобында жалпы есепте жеке дара көш бастаған-тұғын.
Бұл жеңіс оның алдағы «Үміткерлер турниріне» жолдама алу мүмкіндігін нығайта түсті.
Үсен Астана