Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 76 қаралым

Құрылтай сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Құрылтай сайлауы өтетін күн белгілі болысымен, бүгін Орталық сайлау комиссиясы алғашқы отырысын өткізді. Онда сайлауға қатысты күнтізбелік жоспар бекітілді. 2–13 шілде аралығында партиялық тізімдер ұсынылады. Комиссия мүшелері үміткерлердің бәрін мұқият тексеріп шыққаннан кейін 23 шілде күні сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркейді. Сол күні сағат 18:01-де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып, ол 22 тамыз күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 22 тамыз — тыныштық күні. Сондай-ақ 11 шілдеден бастап аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері жарияланады. 7 тамыздан бастап сайлаушылар өздерінің тізімде бар-жоғын тексере алады.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар