Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Жаңа Конституция туралы халық пікірі

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі — Қазақстан халқы. Төл Ата Заңымызда дәл осылай тайға таңба басқандай жазылған. Халық 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда жаңа Конституция үшін дауыс беріп, күні кеше жаңа құжат күшіне енді. Осылайша жаңа Ата Заңның қанат жаюына себеп болған жұрттың тағы бір мәрте пікірін білдік.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа Конституция — жаңа бағыт, жаңа бағдар, жаңа мүмкіндіктер береді. Елдің тынысына, елдің бірлігіне, біртұтас болашаққа үлкен бағыт-бағдар, жаңа қадамдар.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаңашылдық деген қашан да жақсы ғой. Халқымыздың, еліміздің, Үкіметтің бізге жан-жақты көрсетіп отырған көмегі ғой. Бізді, халықты қорғайтын Конституция. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын сол Конституцияға бағынып жатырмыз.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Конституция болғандықтан, халық үшін жасалып жатқан дүние шығар. Халыққа қарсы ешкім ондай жағдай жасамайды. Халықты қолдау мақсатында, біздің болашағымыз, жастардың болашағы үшін жасалып жатқан іс-әрекет.

← Барлық жаңалықтар