Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Күреске арнап кешен салды

Ақтөбеде бір мезетте екі жүз баланы қабылдайтын спорт кешені ашылды. Ол жерге келушілер грек-рим, еркін және әйелдер күресіне машықтанады. Екі мың шаршы метр аумақты алып жатқан нысанда болашақ чемпиондарға барлық жағдай жасалған. Кілемдегі жаттығуларынан бөлек, дене шынықтыру үшін құрал-жабдық қойған арнайы зал да бар. Палуандардың денсаулығына да мән беріпті. Спорт кешенінде арнайы медицина кабинеттері бар. Жалпы өңірде грек-рим, еркін және әйелдер күресі түрлері қарқынды дамып жатыр. Мысалы, облыстың барлық ауданында 700-ден астам секция жұмыс істеп тұр. Ол жерде 14 мың бала күрес түрлерімен тұрақты жаттығады.

ЕРКІН ОҚАСОВ, ҚАЗАҚСТАН КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Зор жұмыстар атқардық, инфрақұрылым жағынан келсек, қазір Астанада естіген болсаңыздар, күрес академиясын аштық. Ақтөбе өңірінде күреске арнайы ғимарат аштық. Осылай өңірлерде ашылып жатқан залдардан республикалық академияға подпитка болады, резерв қалыптасады содан.

АЙШАБИБІ ГЕОРГИЙ, СПОРТШЫ:

Мен спорт шеберіне үміткермін. Оны алғаныма бір жылдай болып қалды. Осы күрес залының ашылғанына мен өте қуаныштымын. Бізге тағы бір мүмкіндік. Осы жақта жарыстар, жаттығулар көп болады, соның бәрін бір жерде жасауға болады.

← Барлық жаңалықтар