Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Президент Астана күнімен қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Президент бас қала – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнар көзі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың тағдырына тікелей әсер еткен маңызды шешімдер Елордада қабылданғанына тоқталып, бүгінде Астана ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналғанын жеткізді. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында Елордамыз одан әрі өркендей беретініне сенім білдірді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады. Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа Конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті.

← Барлық жаңалықтар