Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Жеткіншектер не бүлдірді?

Елімізде полицейлер ауқымды рейд ұйымдастырды. Арнайы іс-шаралар барысында шілденің басында республика бойынша 2400 кәмелетке толмаған бала бөлімшелерге жеткізілді. Себебі олар түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көшеде, көңіл көтеретін орындар мен интернет клубтарда жүрген. Сондай-ақ ұсталғандардың арасында әкімшілік тәртіп бұзған 1500 бала да бар. Арнайы тексеріске еліміздің түкпір-түкпірінде 3 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Рейд барысында жалпы 4 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 250 ата-ана өз міндетін дұрыс атқармағандары үшін жауапкершілікке тартылды. Тағы түнгі уақытта перзенттерін қараусыз қалдырған 1500 азаматқа ескерту берілді.

← Барлық жаңалықтар