Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Жүргенов салдырған мектеп жойыла ма?

Тарихи тұлға Темірбек Жүргенов салдырған мектеп жермен-жексен болудың аз-ақ алдында тұр. Біздің арнаға хабарласқан Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылының тұрғыны осылай деп дабыл қақты. Қоғам қайраткері туған жеріндегі бұл нысанды 1934 жылы салдырған. Сол уақытта республика бойынша «Мың мектеп» бағдарламасы жүзеге асырылыпты. Әйтеке бидегі оқу ордасын жұрт «Қызыл мектеп» деп атайды. Талай түлек түлеп ұшқан ғимарат уақыт өте шөгіп, іргетасы мүжіле бастапты. Ауыл тұрғындарын алаңдатып отырғаны да — осы. Тезірек тарихи мұра ретінде қорғауға алып, реставрация жасауды сұрайды. Қалыпына келтірмесе, Темірбек Жүргеновтің көзіндей болған тарихи нысаннан айрылып қаламыз дейді.

АСҚАР РАҚЫМЖАНҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Реставрация жасап, қайта қалыпқа келтіріп беруін сұрап, сіздерге жүгініп отырмыз. Темірбек Жүргенов атамыздың Қызыл мектебі. 1934 жылы салынған. Жергілікті шебер Өксікбай, Серікбай, Досмағамбет сынды шеберлер салған. Бұл мектеп – республикадағы Темірбек Жүргеновтің жалғыз қалған мектебі.

АНАЙЫ ҚҰРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қызыл мектепті қазіргі таңда мемлекеттік тізімге енгізу үшін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы ҚР Заңының 36-бабына сәйкес тарихи-мәдени сараптама қорытындысы әзірленуі тиіс. Содан кейін сараптама қорытындысына сәйкес, иә мемлекеттік тізімге енгізуге болады, иә болмайды деген қорытынды шығады. Содан кейін қорытынды нәтижесі Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы комиссиясының қаралымына ұсынылады.

← Барлық жаңалықтар