Париждегі тарихи алтыннан кейін екі жыл үлкен спорттан қол үзген Елдос Сметов жарыстарға дайындығын тыңғылықты жүргізіп жатыр. Тіпті дзюдошы Шавкат Рахмоновтың командасының сапында шеберлігін шыңдап жатқан көрінеді. Аралас жекпе-жек ұжымының бапкері Оразәлі Әлдібаевтың сөзінше, татамидің саңлағы мұндай тәжірибені біраздан бері қолданып келеді.
Осылайша Елдос чемпионымыз мүмкіндігінше барлық қоян-қолтық ұрыстың элементтерін де үйренуге тырысады. Айта кетейік, Сметов еліміздің дзюдо тарихындағы ең атағы алысқа кеткен спортшы. Елдос үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысып, жүлденің барлық жиынтығын еншілеген. Чемпионның ендігі мақсаты – 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысу.