Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Орташа жылдамдық тағы 4 трассада бақыланады

Елімізде тағы төрт трассада орташа жылдамдық бақыланады. Жол апаттарының алдын алу үшін «ҚазАвтоЖол» осындай қадамға барыпты. Атап айтқанда, Ақтөбе – Қандыағаш, Алматы – Қорғас, Көкшетау – Петропавл, Астана – Теміртау аралығына бейнебақылау камералары орнатылмақ. Белгіленген жылдамдықтан асырсаңыз, бірден айыппұл арқалайсыз. Ал жауаптылардың айтуынша, бұл жүйе жүргізушілерді жазалау үшін емес, қауіпсіздік мақсатында енгізіліп отыр. Сондай-ақ жолдың өзге бөлігінде құйғытып, камераға жақындаған тұста тежегішке жабысатын тізгіншілерге тұсау болмақ.

← Барлық жаңалықтар