Жаңа Конституция тек құқықтық құжат қана емес, бұл еліміздің болашағының баянды болуы үшін жасалған маңызды қадам.
Ата заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нақтыланған, білім мен ғылымға басымдық берілген.
Ал цифрлық қауіпсіздік секілді жаңа нормалар қоғамдық сұраныстарға жауап береді.
Сарапшылардың пікірінше, Конституцияда Қазақстанның кемел келешегі қамтылған нақты бағдарлар көрсетілген.
ЕРМЕК ӘБДІРАСҰЛОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
Конституцияда қазіргі заманның атмосферасы көрініс тапқан деп айтамыз. Қазір цифрлық заман, геосаясатта көптеген өзгерістер болып жатыр. Соған сай, өйткені Конституциямызда ең алдымен Әділетті Қазақстан деп айтамыз, заң мен тәртіп дейміз. Қазіргі мемлекеттің, қоғамның көңіл бөлетін бағыты — білім, ғылым, мәдениет. Соның бәрі адами капитал.
Жанар Арғынова