Қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық! Биыл елімізде 19 мың шағын және микробизнестің жалпы сомасы 9 миллиард 300 млн теңге болатын айыппұлдары мен өсімпұлдары кешірілді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бұл «Таза парақ» бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар «Халық бухгалтері» акциясы барысында 61 мыңнан астам салық төлеуші кеңес алып, 546 мыңға жуық азамат өз қызметін заңдастырыпты. Нәтижесінде бизнеспен айналысатындардың саны 2,9 миллионға жеткен. Ал жарты жылдықта бюджетке 8,3 триллион теңге салық түсіп, жоспар 100 пайызға орындалған.
Айыппұл мен өсімпұл кешірілді
Елімізде 19 мың шағын және микробизнестің айыппұлдары мен өсімпұлдары кешірілді.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар