Мазмұнға өту
· 35 қаралым

Президент Халық Кеңесінің басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қанатбек Жайсанбаевты қабылдап, Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындық мәселесін талқылады.

Президент Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады. Қанатбек Жайсанбаев Мемлекет басшысына атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді. Ал Президент Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда Халық Кеңесінің атқаратын рөлі зор екенін атап өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде өткізуді тапсырды.

← Барлық жаңалықтар