Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Бірқатар қазақстандық салықтан босатылмақ

Жаңа Салық кодексінің жобасына тағы 45 түзету енгізілді.

Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсе отырысында қаралды.

Атап айтқанда, 2028 жылдың соңына дейін жеке тұлғаларды отандық провайдерлер арқылы цифрлық активтермен операция жасаған кезде жеке табыс салығын төлеуден босату ұсынылып отыр.

Бұл цифрлық активтердің заңды айналымын ынталандыру үшін жасалуда.

Сонымен қатар инвесторларды қолдаудың жаңа шаралары қаралған.

Түзетулер жайлы егжей-тегжейлі ақпарат Ұлттық экономика министрлігінің сайтында және «Ашық» порталында жарияланды.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар