Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Жеңімпаз оқушыларды әуежайдан министр күтіп алды

Халықаралық физика олимпиадасында Қазақстаннан барған бес оқушы түгел алтын медаль жеңіп алды.

Білімімен әлемді мойындатқандарға құрмет! Колумбияда өткен халықаралық физика олимпиадасында жер жаһанды дүр сілкіндірген оқушыларымыз елге оралды. Алматы әуежайында оларды туған-туыстарымен бірге Оқу-ағарту министрі күтіп алды. Жұлдыз Сүлейменованың пікірінше, бұл жеңіс оқушылардың білім деңгейі мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Мемлекет дарынды жастарға ұдайы қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Айта кетейік, интеллектуалдық жарысқа 85 елден 400-ге жуық оқушы қатысты. Біздің елден барған бес оқушы түгел алтыннан алқа тағып, рекорд орнатты. Бұл — осы додаға 1997 жылдан бері үздіксіз атсалысып келе жатқан еліміз үшін ең үздік көрсеткіш. Былтыр Қазақстан намысын қорғаған білімді шәкірттеріміз 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.

← Барлық жаңалықтар