Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Елімізде жеке инвестиция көлемі 21,4%-ға өсті

Ел экономикасындағы жеке инвестиция көлемі биылғы алты айда 21,4%-ға өсті. Жыл басынан бері Қазақстанда негізгі капиталға бағытталған қаржы салымы 9,5 трлн теңгеден асқан. Үкіметтің мәліметінше, бұл нәтижеге нақты сектордың дамуы, өндірісті әртараптандыру, көлік-транзит әлеуетін нығайту сынды жұмыстар әсер еткен. Сонымен қатар, бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуі, мемлекеттік сатып алу мерзімінің үш есе қысқаруы және цифрландыруды енгізу айтарлықтай ықпалын тигізген.

← Барлық жаңалықтар