Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Елімізде күніне 500 тонна қалдық өңдейтін зауыт салынады. Қазақстан мен Қытай осындай ауқымды жобалар арқылы өзара ынтымақтастықты жаңа белеске көтермек.

Премьер-министр Олжас Бектенов қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын Қытайдың ең ірі компаниясының басшысы Дэбяо Цаомен кездесті.

Жоспарда өңірлерде қалдықтарды өңдейтін дәл осындай экологиялық тұрғыдан таза зауыттарды іске қосу бар. Үкімет басшысы Экология министрлігіне барлық келіссөздерді пысықтап, екі апта ішінде дайын келісімді бекітуді тапсырды.

Қазірдің өзінде мұндай зауыттар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында салынып жатыр.Бұл жобалардың жалпы құны шамамен 300 миллиард теңге.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар