Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Екі облыстың әкімі ауысты

Бүгін екі бірдей өңірдің әкімі ауысты. Енді Атырау облысын бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов басқарады. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Мұнайлы өлкенің жаңа басшысын аймақ активіне Премьер-министр таныстырды. Сөз басында Олжас Бектенов осы облысты төрт жыл басқарған Серік Шәпкеновке алғыс айтты. Сосын Президенттің тапсырмасына тоқталып, жаңа әкімнің алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді атады. Оның ішінде экологиялық жағдайды жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және қаланы дамыту мәселелері бар.

Сондай-ақ бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков орнын босатты. Президент Жарлығымен оның орнына Есет Байкен тағайындалды. Жасы 40-та, Қарағанды облысының тумасы. Екі бірдей жоғары оқу орнында білім алған екен. 2022 жылғы 9 ақпаннан бүгінге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

← Барлық жаңалықтар