Мазмұнға өту
· 13 қаралым

65-тен асқандарға онлайн несие берілмейді

Енді 65 жастан асқан қазақстандықтар онлайн несие рәсімдей алмайды. Бірақ бұл шектеу бәріне бірдей емес. Тек 65 жастан асқан азаматтарға қатысты. Яғни, кредит алу үшін бұл топқа жататын жандар арнайы банк бөлімшесіне баруы тиіс. Бұл шара зейнеткерлердің қамы үшін қабылданып отыр екен. Өйткені соңғы уақытта егде жандарды телефон арқылы алдап, құрығына түсіріп, сан соқтыратын жағдайлар көбейіп кеткен. Осылайша, әккі алаяқтардың жолына тосқауыл қойылмақ. Ал егер қатты қажет болып жатса, бұл санаттағы азаматтар міндетті түрде банк бөлімшесіне өзі баруы тиіс.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

65-тен асқан азаматтар міндетті түрде банкке баруы тиіс. Өйткені алаяқтар адамды телефон арқылы жетектеп отырады. Яғни, әрбір этапты түсіндіріп, өздеріне қажетін алады. Банк менеджерлерімен тілдеспей-ақ, онлайн несие рәсімдеп, биометриядан өтеді. Құрыққа түскен адам алаяқтардың айтқанын бұлжытпай орындайды. Соңында ғана алданғанын түсініп, жыларман хәлге түседі.

← Барлық жаңалықтар