Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Банктерге арналған бірыңғай QR-код іске қосылады

Енді кассаға келіп, қай банкке төлем жасаймын деп бас қатырмайсыз. Бірнеше картаны алып жүрудің де қажеті жоқ. Тұтынушы бірыңғай QR-кодты сканерлеп, тауар мен қызмет ақысы үшін оп-оңай есеп айырыса алады. Ұлттық банк салаға енгізілетін жаңа цифрлық жетістігін таныстырды. Қаржы институтының төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазір екінші деңгейлі банктердің басым бөлігі бұл қызметті қолдануға дайын отыр. Бірыңғай QR жүйесі 2026 жылғы 19 шілдеден бастап ресми түрде іске қосылмақ.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұған дейін әр банк өз сервистерін жеке дамытып келді. Біз соның бәрін бір арнаға тоғыстырып, бір жүйеге біріктіруді ұсындық. Ол үшін қызметтердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет болды. Өйткені адамдар күн сайын қаржы аударымдарын жасайды. Енді олар кез келген дүкенде немесе қызмет көрсету мекемелерінде өзі қолданатын банктің қосымшасы арқылы кедергісіз төлем жасай алады.

Ұлттық банк өкілдері жаңа функцияны толыққанды пайдалану үшін банктік қосымшаларын жаңарту қажет болуы мүмкін дейді. Айта кетерлігі, бірыңғай QR-код банктердің жеке бағдарламаларына әсер етпейді. Тұтынушыға есептелетін кэшбэктер де бұрынғысынша қалады.

← Барлық жаңалықтар