Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Мексикада Димаштың алып мүсіні жасалды

Музыка әлемінің саңлағына құрмет! Мексикада Димаш Құдайбергеннің алып мүсіні жасалды.

Әуе шарларынан құрастырылған 4,5 метрлік туынды Монтеррей қаласының қақ ортасына қойылды. Осылайша, әлемге әйгілі әншінің Латын Америкасы елдеріне жоспарланған туры қарсаңында оның фан-клубы осындай ерекше тарту әзірледі. Жобаның авторы — мексикалық суретші Ольга Лидия Эрнандес. Оның айтуынша, мүсін қала халқын Димаштың шығармашылығына қызықтыру мақсатында жасалған. Бұдан бұрын Халық әртісінің өзі фанаттар арасында осындай конкурс жариялаған екен. Айта кетейік, Димаштың DiMENSIONS атты жаңа әлемдік туры аясындағы концерті Монтеррей қаласында 14 қарашада өтеді.

← Барлық жаңалықтар