Мазмұнға өту
· 13 қаралым

«Көлеңкелі экономикамен» күреске ЖИ көмектеседі

Қазына қаржысын талан-таражға салмауға, айналымдағы жасырын ақшаны анықтауға Үкіметке енді жасанды интеллект көмектеседі. Премьер-министр Олжас Бектенов көлеңкелі экономикаға қарсы үш жылдық жоспарды бекітті. Оған сай, енді саудадан бастап, білім беру мен денсаулық сақтау сынды тәуекелі жоғары салалар толық цифрландырылады. Платформа жасанды интеллектіге негізделмекші. Бұл мемлекеттік органдардың деректерін біріктіріп, бюджет қаржысына қатысты заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік бермек. Басты мақсат – көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту, адал бәсекелестікті қамтамасыз етіп, бизнесті ашық ету.

ҚР ҮКІМЕТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Көлеңкелі экономиканың үлесі 2019 жылғы жалпы ішкі өнімнің 24%-ынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16,7%-ға дейін төмендеді. Жаңа кешенді жоспар қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және көлеңкелі экономика үлесін 2028 жылы жалпы ішкі өнімнің 13,8%-ына дейін дәйекті түрде төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарға сай, сауда саласы Digital Bazaar деген электрондық платформада жұмыс істеуге көшеді. Бұл кәсіпкерлерге қосымша міндеттемелерді жүктемейді, керісінше, жұмыстарын жеңілдетіп, адал кәсіпке итермелейтін тетік болмақ деп түсіндірді үкіметтегілер.

← Барлық жаңалықтар