Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Сайлауға 100-ге жуық халықаралық байқаушы тіркелді

Құрылтай депутаттарын сайлау барысын халықаралық қауымдастық жіті бақылауда ұстайды. Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 шетелдік байқаушыны ресми тіркеуден өткізді. Осылайша, қазіргі таңда аккредиттелген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 96 адамға жетті. Атап айтқанда, Молдовадан 4, Халықаралық парламентарийлер конгресінен 1, Албаниядан 2 адам, Кувейт, Палестина және Армениядан бір-бір өкілден тіркелген. Ал сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын аккредиттеу 2026 жылғы 17 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады.

← Барлық жаңалықтар