Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 14 қаралым

Құрылтай: партиялардың бюллетеньдегі реті белгілі болды

Құрылтай сайлауына қатысатын партиялардың бюллетеньдегі реті белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы оны жеребе тартып анықтады. Ал нөмірді саяси ұйымдардың өкілдері бір-бірлеп келіп суырды. Сонымен бюллетеньде саяси партиялар мынадай ретпен орналасады: бірінші — «Әділет» партиясы, екінші — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, үшінші — «Байтақ» жасылдар партиясы, төртінші — Қазақстан халық партиясы, бесінші — «Ауыл» партиясы, алтыншы — «Ақ жол» демократиялық партиясы, жетінші — Respublica партиясы. Айта кетейік, Құрылтай сайлауына жеті партиядан бас-аяғы 545 кандидат тіркелген. Олар 145 депутаттық мандатқа таласады.

← Барлық жаңалықтар