Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне телефон соғып тілдесіп, бауырлас халықтың игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық және тату көршілік рухындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер өзара ынтымақтастығы қарқынды екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты тереңдету перспективасын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін де бір пысықтап алды.

← Барлық жаңалықтар