Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста!

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды. Халық қаһарманы, авиация генерал-майорын Мемлекет басшысының атынан Олжас Бектенов құттықтады. Мерейтойға арналған салтанатты жиында Премьер-министр ғарыш саласының Қазақстан экономикасына қосып отырған зор үлесін атап өтті. Ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің арқасында шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді. Ал Жерді қашықтан зондтау жүйелерінің ауыл шаруашылығы мен экологияға көп пайда келтіруде. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезең, деді Премьер-министр. Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының өкілдері, отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты.

АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, АВИАЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ:

1991 жылы ол ғарышқа тұңғыш рет көтерілгенде мен әскери авиация училищесінде оқитын едім. Қазақтың қара баласының бұл ерлігі сол кезде мені қатты таңғалдырды. Ол жылдар бойы авиация саласының дамуына үлкен үлес қосты. 50-ден астам ұшақты сынады. Оның өмірі бізге де және өскелең ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

← Барлық жаңалықтар