Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Шымкентке чемпионға көлік пен ат мінгізді

Әлемдік жарыста ел намысын қорғаған шымкенттік жас палуанға жерлестері ерекше құрмет көрсетті. Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында чемпион атанған Дияр Аманәліге су жаңа көлік пен асыл тұқымды тұлпар мінгізді. Дияр Аманәлі Бакуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медальды қанжығасына байлады. Осы күнге дейін төккен тер мен еткен еңбек ақталды деп қуанды. Бапкері мен ата-анасына шексіз алғысын айтты. Енді бұл межеде тұрып қалмай, тағы да белестерді бағындыру келесі жоспары екенін жеткізді.

← Барлық жаңалықтар