Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Стюардессалар 1 млн 400 мың теңге сұрайды екен

Елімізде ең жоғары айлыққа үміткер мамандар анықталды. Жұмыс іздеушілер арасында көп жалақы сұрағандар — ұшқыштар мен стюардессалар екен. Әуе көлігін тізгіндейтіндер айына шамамен екі миллионнан аса, ал бортсеріктер бір миллион төрт жүз мың теңге көлемінде еңбекақы алғысы келеді. Ал жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы архитектура саласында. Бұл мамандық бойынша айлық 1 миллион теңгеден асады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, шілде айында ЕҢБЕК.KZ порталында 104 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Ең көп сұраныс білім беру, қызмет көрсету және денсаулық сақтау салаларында.

← Барлық жаңалықтар