Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Шымкенттіктерді көктен бақылайды

Шымкенттіктердің жүріс-тұрысын, тұрмыс-тіршілігін енді көктен дронмен бақылайды. Былтыр қалада пилоттық жоба ретінде 5 ұшқышсыз аппарат тексерістен сәтті өткен. Енді биыл қосымша заманауи 16 дрон іске қосылды. Құрылғы тәртіп сақшыларымен қатар бірнеше мемлекеттік органның жұмысын жеңілдетіпті. Яғни, рұқсатсыз салынған нысандар, жер телімін заңсыз пайдалану, қоқыс тастағандар мен адам көп шоғырланған орындарда қоғамдық тыныштықты бақылайды. Дрондар стратегиялық нысандардың, мектептер мен мәдениет үйлерінің шатырларына орналастырылып, қаланың түкпір-түкпірін автоматты түрде патрульдейді.

← Барлық жаңалықтар