Қазақстанға қапырық ыстық келе жатыр. Таяу күндері еліміздің кей өңірінде сынап бағанасы +41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, тамыздың 8-і мен 10-ы аралығында республиканың басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ температура күтіледі. Дегенмен кейбір аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал. Бұл күндері Қазақстандағы ауа райын ауқымды антициклон айқындайды, — деп хабарлады «Қазгидромет».
«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ХАБАРЛАМАСЫНАН:
Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.