Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Боксшыларға сыйлықты үйіп тастады

Ақтөбелік боксшылар Спортшылар күні қарсаңында күтпеген сыйға ие болды. Облыстық әуесқой былғары қолғап шеберлерінің федерациясы ауыл-аймақтағы спорт үйірмесіне барып жүрген балаларға деп керек-жарақтың бәрін алыпты. Бокс қолғабы, қорғаныш бас киімінен бастап, жаттығуға қажетті түрлі жабдықтар бар. Ауылдың жасөспірімдері кәсіби спортшы болып шығу үшін жасалып жатқан жағдай деді федерациядағылар. Ауданның жаттықтырушылары атымтай жомарттарға алғысын айтты. Себебі ауылдағы балалар кейде былғары қолғаптан тарықса, енді біреуінің шлемі болмай қалады дейді.

ЕРКЕБҰЛАН ТҰРСЫНБАЕВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Қолғап пен шлемге қуанып тұрмыз, шыны керек. Өйткені балалар жаңадан бастап жатқан көбісі біреуін алса, біреуін алмайды. Сол себепті, әйтеуір іште тұрса, киеді. Бір топта 16 бала болса, кем дегенде бұл жерде 10 шақты шлем тұр екен. Жартысында болса, жартысына осыны береміз.

Әуесқой бокс федерациясы барлық құрал-жабдықты ауыл мектептеріне теңдей бөліп берді. Жалпы, спорттың бұл түрімен облыста сегіз жарым мыңнан астам адам шұғылданады. 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар.

ӘЛІБЕК КӨПЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘУЕСҚОЙ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанда бокс — нөмірі бірінші, сондықтан біздің де Ақтөбеде бокс бірінші орында. Өйткені, біздің чемпиондарымыз бар. Төлемісов, ел чемпионы, мысалы. Алдамжаров — жүлделі екінші орын, екі жыл қатарынан. Бес ересек Қазақстан құрама командасында жүр.

← Барлық жаңалықтар