Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Ұлттық құраманың бас бапкері белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері белгілі болды. Федерациядағылардың көңілі бұл жолы да шетелдік маманға ауды. Енді біздің жігіттерді нидерландылық маман Джон ван ’т Шкип баптайды. Ол ойыншы кезінде-ақ Еуропа чемпионы атанған. Ал бапкерлік жолын таланттар тоғысқан «Аякс» футбол клубында бастаған. Бұған дейін халықаралық деңгейде Грекия және Армения құрамаларының тізгінін ұстаған. Сондай-ақ футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылды. Бас бапкердің көмекшісі болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалды.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар