Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Зиялы қауым Абай ескерткішіне тағзым жасады

Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні ел ішімен қатар жер шарының түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Атаулы күнге орай Астанада зиялы қауым ұлы ақынның ескерткішіне тағзым жасады. Қаламгерлер абайтану мен хәкімнің мұраларын зерттеу, насихаттау жұмыстарының үздіксіз жалғасатынын алға тартты.

МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Абайды, әрине, Әуезовтен, Ахмет Байтұрсыновтардан бастап зерттедік, зерттей береміз. Бұл ешқашан таусылмайтын ғұлама терең дүние ғой, сондықтан әркім оны өзінше қабылдайды, өзінше көреді, өзінше кейінгі ұрпаққа тәрбие ретінде қолданады.

← Барлық жаңалықтар