Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Қазақстандықтардың 85 пайыздан астамы Президентке сенім білдіреді

Қазақстандықтардың 85 пайыздан астамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіреді. «Демократия институты» жүргізген әлеуметтік сауалнама осындай нәтиже көрсетті. Әсіресе жастардың көрсеткіші жоғары. Әлеуметтік зерттеу 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілді. Оған еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 8 мың адам қатысқан. Респонденттердің барлығы – 18 жастан асқан азаматтар.

РИЗЗАТ ЕЛЮБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Жалпы, ең қызық тенденция: Edelman Trust Barometer түрлі мемлекеттердегі сенім деңгейін зерделейді. Әлем бойынша Президент институтына деген сенім деңгейінің төмендеуін аңғарсақ, Қазақстанда, керісінше, соңғы 5 жылда Президент рейтингі өте жоғары. Ашық әлеуметтік зерттеулерге сүйенетін болсақ, «Президент рейтингіне не әсер етеді?» деген сұраққа қазақстандықтардың басым көпшілігі басқа мемлекеттермен жауласпау деп жауап береді.

Сарапшылардың пікірінше, Президентке деген қоғамдық сенімнің жоғары болуы елде жүргізіліп жатқан реформаларға оң көзқарасты да аңғартады. Соның ішінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, білім беру гранттары мен шәкіртақыларды арттыру секілді әлеуметтік бастамалар қоғамның қолдауына ие болып отыр.

Қырмызы Маршал

← Барлық жаңалықтар