Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Алматыда әйгілі рэпердің концерті өтеді

14 тамыз күні Алматының бірнеше орталық көшелері жабылады. Көлік қозғалысы күндізгі төрттен түнгі 12-ге дейін шектеледі. Өйткені мегаполистегі стадионда әлемге әйгілі рэпер Канье Уэсттің концерті өтпек. Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, балама жол таңдауға кеңес береді. Рэпердің ән кеші күні Абай даңғылы, Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің белгіленген бөліктері жабылып, полиция қызметкерлері тұрады. Есесіне қоғамдық көлік пен метроның жұмысы күшейтілмек. Бұл көрерменнің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысын реттеу үшін жасалған шаралардың бірі.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар