Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Душанбеде Абайды еске алу рәсімі өтті

Тәжікстан астанасы Душанбеде Абай Құнанбайұлын еске алу рәсімі өтті. Іс-шарада қазақ диаспорасының өкілдері мен елшілік қызметкерлері ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мерекелік басқосуда Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері орындалды. Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уәлихан Төреханов Абай мұрасының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, ұлы ақынның есімі – даналықтың, гуманизмнің, білімге ұмтылыстың және халықтар арасындағы рухани келісімнің символы. Айта кетейік, Абайдың Душанбедегі ескерткіші 2024 жылы Фирдоуси атындағы саябақта ашылған. Елші бұл орынды екі халықтың рухани жақындығының символы деп бағалады. Себебі Фирдоуси – тәжік халқының рухани тірегі болса, Абай – қазақ халқының рухани темірқазығы.

Кенжбеков Ғалымжан

← Барлық жаңалықтар