Бұрынғы президенттің жағдайы ауыр. Американы Трампқа дейін тұп-тура 4 жыл басқарған Джо Байденнен қуық асты безінің қатерлі ісігі анықталыпты. Бұл туралы 83 жастағы саясаткердің ұлы Хантер Байден хабарлады. Тіпті соңғы уақытта Ақ үйдің бұрынғы қожайыны жүріп-тұрудан қалған көрінеді. Ал ақсақалдың дерті Байдендер әулетіне де сынақ болған сияқты. Қазір обыр күш алып, қарияның барлық ағзасына шауып жатыр. Десе де, экс-президент қиын жағдайына қарамастан, елдегі елеулі оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, Америкадағы маңызды шараларды қалт жібермеуге тырысып жүр. Алайда тіс қаққан саясаткер дертпен соңына дейін күресіп, естелік кітап жазуды жоспарлап отыр. Айта кету керек, Байденнің денсаулығында кінәрат бары алғаш рет 2025 жылғы мамыр айында айтыла бастады.