Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 27 қаралым

17 өңірде жас мамандарға жеңілдетілген ипотека бар

Еліміздің 17 өңірінде жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов халықаралық жастар күніне арналған брифингте айтты. Оның сөзінше, жеңілдетілген ипотекадан бөлек, республикалық бағдарламалар арқылы да жас кадрлар үй алып жатыр. Мәселен, «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бойынша 5 мыңнан астам адам үйлі болған. Сондай-ақ «Наурыз жұмыскерге» де қатыса алады.

← Барлық жаңалықтар