Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Мемлекет басшысы Колумбия халқына көңіл айтты

Латын Америкасындағы табиғи апат ешкімді бей-жай қалдырмады. Әлем елдері осы бір қиын-қыстау кезеңде Колумбияға барынша қолдау көрсетіп, жақын-жуықтарынан айырылған халыққа басу айтып жатыр. Бұл тізімнен біздің ел де табылды. Ақорданың баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Абелардо де ла Эсприэльге көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент қаза тапқандардың туған-туыстарын сабырға шақырып, із-түссіз жоғалғандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

← Барлық жаңалықтар