Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Өскемендіктер жылудан тарықпайды

Өскеменде қалалық жылу электр орталығы жанынан жаңа энергоблок бой көтереді. Станция аумағында уақыт капсуласын салу рәсімі өтіп, құрылыс жұмыстары бастау алды. Құны 140 миллиард теңгені құрайтын жоба қуат тапшылығын азайтып, қаланың қолайлы дамуына жағдай туғызбақ. Сондай-ақ жаңа нысан 500-ге жуық ғимаратты жылумен қамтуға қауқарлы.

ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Жаңа энергоблок экологиялық заңнамада белгіленген барлық талаптарға сай болады. Мұнда газдарды тазарту, көмір жағылғаннан кейінгі фильтрациялау жүйелері қарастырылған. Сонымен қатар электр энергиясын өндіруде қолданылатын технологиялардың өзі критикалық және аса критикалық көрсеткіштерге жауап береді. Бұл өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қуат көзі 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Жоба шеңберінде жылу электр орталығының да тозығы жеткен жабдықтары жаңартылмақ.

ТҰРАР ТӨЛЕУБАЕВ, «ӨСКЕМЕН ЖЭО» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының арқасында қазандық жабдықтары ауыстырылып жатыр. Бұл тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш бойынша қазір «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» өттік.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар