Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Криштиану Роналду мансабын аяқтай ма?

Криштиану Роналду мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Әйгілі португалиялық шабуылшы «Воку» басылымына сұхбат беріп, алдағы жоспары жайлы сыр ақтарды. «Бұл менің аяқдоптағы соңғы жылым болуы мүмкін. Өзімнен кейін жарқын із қалдырғым келеді», – деп ағынан жарылды. Ширек ғасыр бойы жасыл алаңның апшысын қуырған ол көп нәрсені құрбан еткен. Енді уақытын отбасына арнауға ниетті. «Сонымен қатар көбірек көңіл көтеріп, саяхаттау қажет. Маған падел ойыны ұнайды, сонымен шұғылданып, қол жеткізген жетістіктерімізден ләззат алғым келеді», – деді Роналду. Еске сала кетейік, 41 жастағы аңыз ойыншы қазір Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының намысын қорғап жүр.

← Барлық жаңалықтар