Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Биыл ЖИ университеті алғашқы студенттерін қабылдайды

Жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллект университеті өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі айтты. Саясат Нұрбектің сөзінше, жоспар бойынша білім ордасы биыл 600 студентті қабылдамақ. Олардың 400-і бакалаврға, 100-і магистратураға түскен. Ал қалған 100-і оқытушылар. Осылайша ұстаздар қауымы арнайы тағылымдамадан өтпек. Бұдан бөлек, бүгінде жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы байланысты күшейту жұмыстары жалғасып жатыр дейді министр. Мәселен, жыл сайын шамамен 10 мың студент өздері қалаған бағытта өндірістік практикадан өтуде. Білім алушылардың басым көпшілігі тау-кен ісі, энергетика, ІТ, цифрлық технология сияқты салаларды таңдайтын көрінеді.

← Барлық жаңалықтар