Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 21 қаралым

Қазақстан мен Қытай тізе қосты

Қазақстан мен Қытай жасанды интеллект саласында серіктестікті нығайтпақ. Тараптар әсіресе білім беру, ғылыми-зерттеу және цифрлық жобаларды бірлесіп игеруге мүдделі. Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық симпозиумда екі елдің жетекші ғалымдары тың бағытты іске асыру тетіктерін талқылады. Іс-шараға қытайлық алпауыт компаниялардың өкілдері де келген. Мәселен, еліміз атақты Alibaba платформасымен ынтымақтастықты кеңейтпек.

МАДИНА МАНСУРОВА, ҚАЗҰУ МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Осы СиСи Эф компаниясына Huawei компаниясы мүше болып кіреді. Солардың қолдауымен қазір бізде үлкен орталық бар. Біздің университетте. Және Alibaba компаниясымен біз Qwen архитектура негізінде үлкен тілдік модельдерді дамытып келе жатырмыз. Қазір біздің университетте осындай жоба орындалып жатыр. ЛМ-ға қатысты. Сол әріптестер бізге қолдау көрсетіп, солардың технологияларын біз бірге дамытып келе жатырмыз.

Осылайша, қос тарап тек өндірістік жобалармен шектелмей, жоғары білікті мамандарды даярлауға да басымдық беріп отыр. Нәтижесінде жас ғалымдар халықаралық деңгейдегі зерттеулерге белсене араласып, екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа белеске көтермек.

ПЭН ВАН, СОЛТҮСТІК-БАТЫС ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /ҚХР/:

Біз жасанды интеллектінің тілдік моделінен бөлек, климаттық моделін де жасап жатырмыз. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінен, магистрантынан және докторантынан 10-10 маманнан тартылған. Осы жастар біздің білім, ғылым және инновациясына, сонымен қатар кадрларды даярлау бағыты бойынша өзара көпір болғанын қалаймыз.

← Барлық жаңалықтар