Енді қазақтың қазысы мен шұжығы жаһандық нарыққа шығады. Еліміз жылқы етінен жасалатын ұлттық өнімдерге арналған алғашқы халықаралық стандарт әзірлеуді ұсынып отыр. Жаңа құжатта өнімнің сапасы мен құрамына, таңбалануы мен сақталуына қойылатын талаптар белгіленбек. Астанада осы бастаманы талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 40-тан астам сарапшы бас қосты.
ЗӘУРЕ РЫСПАЕВА, САРАПШЫ:
Ең бастысы, бұл форум халықаралық стандарттау ұйымының 6-подкомитеті, бұл ет, тауық еті, сонымен қатар жұмыртқаға арналған кіші комитеттің пленарлық отырысы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар бүгінгі форумда экспортқа шығу жөніндегі мәселелерді қарастырады.
СУДЗУКИ ТОСЮКИ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:
Қазақстанның жылқы етіне қатысты бастаманы халықаралық стандарттау аясында ұсынып отырғанына қуаныштымын. Жылқы еті Жапония нарығы үшін де, басқа елдер үшін де қызықты өнім деп санаймын. Сондықтан бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды. Біз осы жұмысқа қолдау көрсетіп, әріптестікті жалғастыруға мүдделіміз.