Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Тоқаев тоғыз елдің елшісін қабылдады

Тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшісі Президентке сенім грамотасын табыстады. Олар Молдова, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Словакия, Германия, Әзербайжан, Словения және Намибия елдерінің жаңадан тағайындалған дипломаттары. Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиында Президент Қазақстанның бейбіт саясат ұстанымын таныстырып, еліміздің экономикалық және инвестициялық әлеуетіне тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз елімізге шетел инвестициясын тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әлбетте, Қазақстанға келіп жұмыс істегісі келетін шетелдік кәсіпкерлерді және ірі компанияларды құшақ жая қарсы аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің нарықта ірі халықаралық компаниялардың басым бөлігі қызмет етеді. Бұл саясаттан айнымайтынымызға сенімдімін. Шетелдік инвестицияға қатысты ашық есік саясатын дәйекті түрде жалғастыруға ниеттіміз.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстандағы ауқымды саяси реформаларға тоқталып, жақында Құрылтай сайлауы өтетінін еске салды. Сондай-ақ еліміздегі түбегейлі өзгерістер халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтып, тың мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

← Барлық жаңалықтар