Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

30 трлн теңге депозитте тұр

Халықтың ақшасы қалтасында емес, депозитте көбейіп жатыр. Биыл ел тұрғындарының банктердегі жинағы рекорд жаңартып, 30 триллион теңгеден асып түсті. Бір жыл ішінде бұл сома 18,5%-ға, яғни 4,7 трлн теңгеге өсіпті. Яғни бұқараның көпшілігі табысының бір бөлігін қорға салуды әдетке айналдырыпты. Әсіресе жұрт жинақ депозиттеріне көбірек ден қойған. Себебі мұндай салымның қайтарымы жоғары. Рас, оның өз талабы бар: ақшаңызды кез келген сәтте шешіп ала алмайсыз, мерзімінен бұрын алған жағдайда белгілі бір шарттар сақталуы керек. Есесіне банк те құр алақан қалдырмайды. Салымшыға әлдеқайда жоғары сыйақы ұсынады.

← Барлық жаңалықтар